Адольф Адан
«КОРСАР»
Прологы мен Эпилогы бар 2 бөлімді балет
Ұзақтығы – 2 сағат (бір үзіліспен)
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Мариус Петипаның хореографиясы, Алтынай Асылмұратованың редакциясы
(Петр Гусевтің хореографиясы қолданылған)
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ
Қоюшы хореограф – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі
Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев
Дирижер – Руслан Баймурзин
Қоюшы хореографтың ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева
Музыкалық редактор – Долорес Үмбетәлиева
Қоюшы сценограф – Эцио Фриджерио
Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино
Проекциялар бойынша дизайнер – Серджио Металли
Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани
Байронның аттас поэмасы бойынша құрылған «Корсар» балеті оның романтикалық жайма-шуақтығын, еркіндікке құштар рухын, қуатты ынтызарлығын сақтап қалған. Теңіз қарақшылары – корсарлардың махаббат пен зұлымдық сәттері, сараң саудагердің күлкілі әрекеттері және «Жаңғырған бақтың» романтикалық көріністері орын алған өмірлік сюжет көрермендер арасында үлкен жетістікке ие.
Бұл классикалық балет репертуарының інжу-маржаны әлемнің барлық айтулы театрларының сәнін келтіруде, себебі осы жауһар туынды әртістерге барлық партияларда балет техникасымен де, драмалық дарынымен де жарқ етуге мүмкіндік береді.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР
Медора – Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
София ӘДІЛХАНОВА
Конрад – Олжас ТАРЛАНОВ / Арман УРАЗОВ
Исаак Ланкедем – Айбар ТОҚТАР / Серік НАҚЫСПЕКОВ
Бирбанто – Сұлтанбек ҒҰМАР / Айдан ҚАЛЖАН
Сеид-паша – Жанәділ БЕЙСЕМБИЕВ
Гюльнара – Мөлдір ШӘКІМОВА / Шұғыла ӘДЕПХАН
Құл Али – Бақтияр АДАМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, МИМАНСЫ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.