newWidget
Концерт «Көктем шабыты» - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Концерт «Көктем шабыты»

2022 / 2023           К.Байсейітова атындағы Камералық зал              X маусым

25 сәуір * сейсенбі * 19.00

 

«Қазақквартет шақырады» топтамасы

 

Концерт

«Көктем шабыты»

 

Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті көктемгі концерттер сериясында тыңдарман назарына В.А.Моцарт, Э.Григтің туындыларынан бағдарлама ұсынады, әлбетте, дәстүр бойынша ұлттық музыка мәдениетінің көрнекті өкілдерінің бірінің шығармасы да шырқалады – бұл жолы ұжым күйші, композитор Қазанғаптың күйін орындайды.

Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті шеберлігінің жоғары деңгейі беделді халықаралық байқаулардың лауреат атақтарымен, сыйлықтарымен, жүлделерімен бірнеше мәрте атап өтілді. Ұжымның шығармашылық қызметі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды – ұжым «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, «Ерен еңбегі үшін» үкіметтік наградасының иегері.

Концертте қазақстандық музыканттармен қатар танымал ресейлік кларнетші – Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Артур Назиуллин өнер көрсетеді.

 

Артур Назиуллин

Халықаралық кларнетшілер қауымдастығы статистикасының нәтижесі бойынша Артур Назиуллин жаңа буынның үздік кларнетшілерінің ондығына кіреді.

П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының түлегі А.Назиуллин көптеген байқаулардың жеңімпазы, оның ішінде «Жаңа есімдер», Халықаралық кларнетшілер байқауы (Мәскеу, 2005, Ванкувер, 2007) бар, В.Спиваковтың Халықаралық қайырымдылық қорының, «Орыс орындаушылық өнері» және «Жаңа есімдер» қорларының стипендиаты.

Е.Ф.Светланов атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр, Ресей Ұлттық филармониялық оркестрі, «Виртуозы Москвы» мемлекеттік камералық оркестрі, Башқұртстан Республикасының Ұлттық симфониялық оркестрі сынды танымал оркестрлермен, сонымен қатар Германия, Канада, Португалия, Түркия және т.б. елдердің музыкалық ұжымдарымен бірге өнер көрсеткен.

Оны Владимир Спиваков, Денис Мацуев, Максим Дунаевский, Пинхас Цукерман, Александр Сладковский, Екатерина Мечетина, Павел Нерсесьян, Нана Яшвили, Табеа Циммерман, Сергей Крылов сияқты заманымыздың көрнекті музыканттары және дирижерлерімен тығыз шығармашылық қатынас байланыстырады. 

А.Назиуллинның шеберлік сабақтары Швециядағы Swedish International Duo Competition халықаралық байқауы, АҚШ-тағы Young Clarinet Artist байқауы аясында, сонымен қатар Канада, Швейцария, Германия, Италия және Ресей қалаларындағы концерттік турлары аясында өткен.  

Артур Назиуллин Buffet-Crampon (Франция) музыкалық аспаптар брендінің Ресей Федерациясындағы елшісі болып табылады. 

2014 жылы Башқұртстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы дарынды жастарына арналған Артур Назиуллинның «Созвездие» атаулы сыйлығы тағайындалған.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

В.А.Моцарт. Кларнет пен ішекті аспаптарға арналған квинтет, ля мажор «STADLER», KV581

1. Allegro

2. Larghetto

3. Menuetto - Trio I - Trio II

4. Allegretto con Variazioni

 

Э.Григ. Ішекті аспаптар квартеті, соль минор, ор.27 №1

1. Un poco andante - Allegro molto

2. Romanze: Andantino - Allegro agitate

3. Intermezzo

4. Finale: Lento - Presto al saltarello

 

Қазанғап. «Торы жорға аттың бөгелек қағуы» (Ә.Сағымбаевтың квинтетке арналған өңдеуі)

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:

Айдар ТОҚТӘЛИЕВ (1-ші скрипка)

Алексей ЛЕБЕДЕВ (2-ші скрипка)

Бекзат САЙЛАУБАЙҰЛЫ (альт)

Ернар МЫҢТАЕВ (виолончель)

 

Концерт қонағы

Артур НАЗИУЛЛИН, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (кларнет, Ресей)

 

Көркемдік жетекші – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ернар Мыңтаев

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

banner