Құрметті көрермендер!
Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+
65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.
(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)
Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.
2020 / 2021 Үлкен зал VIII маусым
22 мамыр * сенбі * 17.00
Симфониялық музыка концерті
Рихард Вагнер
«Нибелунг жүзігі»
Симфониялық аңыздар
«Астана Опера» көрермен қауым назарына ұсынып отырған маэстро Алан Бөрібаевтың концертінде Қазақстанның бас театрының оркестрі алғаш рет Рихард Вагнердің «Нибелунг жүзігі» діни тетралогиясынан атақты симфониялық картиналарды орындайды. Маэстро Бөрібаев өзінің осы бағдарламасын Германия, Нидерланды, Ирландия, Жапонияның концерттік залдарында бірнеше рет орындаған, енді, міне, бүгінде ол «Астана Опера» сахнасында тұңғыш рет ұсынылмақ.
Концертте тарих барысы мен музыканың эволюциясын өзгерткен әрі Фридрих Ницшенің еңбектерінен бастап заманауи хореографияға дейін өмірдің түрлі салаларына ықпал еткен ұлы композитор Рихард Вагнердің ғаламат музыкасымен жандана түсетін жаужүрек батыр Зигфрид, Валлаганың іргетасын қалаған алыптар, Вотан (Одина) мен Логе (Локи) құдайларының шиеленісі, қатыгез айдаһар Фафнер, қу ергежейлі-нибелунг Альберих туралы ежелгі герман мен скандинавиялық аңыз-әңгімелер баяндалады.
Концерт барысында тыңдармандар осынау тартымды саганың шытырман желісіне тереңірек бойлап, «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің орындауында атақты «Нибелунг жүзігі» тетралогиясын құрайтын барлық төрт операның ең жарқын симфониялық үзінділері шырқалады.
БАҒДАРЛАМА:
«Рейн алтыны» операсынан «Құдайлардың Вальгаллаға кіруі»
«Валькирия» операсынан «Валькириялардың ұшуы»
«Валькирия» операсынан «Вотанның қоштасуы және от сиқыры»
«Зигфрид» операсынан «Орман сыбдыры»
«Құдайлардың қазасы» операсынан «Зигфридтің Рейн бойындағы саяхаты»
«Құдайлардың қазасы» операсынан «Зигфридтің өлімін жоқтау маршы»
«Құдайлардың қазасы» операсынан финал
ОРЫНДАУШЫЛАР:
«Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі
Дирижер – Алан БӨРІБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Құрметті көрермендер!
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.
Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.
Қолдану бойынша нұсқаулық:
1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).
2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.
3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).
4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет
Мәртебелер:
Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ
Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады
Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.
Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.
Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.
5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.
Түсіністік танытады деген сенімдеміз!