newWidget
«Щенки» тобының концерті Қарағанды қаласында - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Щенки» тобының концерті Қарағанды қаласында

«Щенки» тобының отаны - Солтүістік-Батыс өңірдегі ең арзан *** ұсына алатын, Эстония мемлекетімен шекаралас 50 мың халқы бар Кингисепп қаласы. 2014 жылы құрылған. 
Топтың әндерін Феликс Бондарев (RSAC) жазса, сөздерін Максим Тесли (Он Юн, СЁСТРЫ) шығарады. Ал топ үшін екеуі де бірдей жауапты. 

Дөрекі, шулы, қызуқанды өнерпаздар. Саяси реттеу мен түпкілікті бақылау заманында әртістер көпшіліктің батылдығы жетпейтін тақырыптарды көтеруге еш сескенбейді. Алайда жорта сомдалған дөрекіліктеріне қарамастан қос музыканттардың әндері сонда да махаббат туралы шырқалғандай болады. Себебі «жүрегіңе махаббат толған кезде ғана мәңгі боласың» деген даналықты олар бетке ұстайды.