newWidget
С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені

Мекенжай: Алматы қ., С. Мұқановтың музей-үйі – Төлебаев көшесі, 125

Ғ. Мүсіреповтің музей-үйі – Қарасай батыр көшесі, 49

Жұмыс уақыты:

Сейсенбі-жексенбі 10:00-19:00

Дүйсенбі-тазалық күні

С. Мұқановтың музей-үйі (21 қараша, 1978 жылы ашылған) және Ғ. Мүсіреповтің музей-үйі (9 қазан, 1987 жылы ашылған) 1999 жылы 8 ақпанда әкімшілік-басқару жағынан біріктіріліп, «С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені» болып қайта құрылды. 

Музей кешенінде кітаптар, қолжазбалар, фотосуреттер, хаттар, жазушылардың тұтынған жеке заттары. А. Толстойдың, М. Шолоховтың, М. Әуезовтің және т.б. қолтаңбасымен берілген кітаптары сақталған. Музейдің эспозициясынан А. Байтұрсынұлының, Ш. Құдайбердиевтің, Ж. Аймауытовтың, М. Дулатовтың, М. Жұмабаевтың шығармалары орын алған.

С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені Халықаралық әлем музейлерінің каталогына енген. 

Тұрақты экспозиция әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады.

2022 жылы Ғ. Мүсіреповтің 120 жылдығына орай жазушының пәтер-музе йінде реэкспозиция жұмыстары жүргізілді.