Әтеш пен Тышқан… Еңбекқор Әтеш пен тек ойын ойнағанды ұнататын Тышқан… Ең кішкентай көрермендерге арналған қарапайым әрі өнегелі оқиға желісі. Ал егер осыған украин халық ертегісінің реңкін, мол музыка мен кішкентай көрермендеріміздің қатысуын қоссақ, «Масақ» атты нағыз музыкалық қойылымымыз жарық көрмек.
Тышқандар асыр салып ойнап жүрген шақта, Әтеш ерінбей еңбек етіпті. Бір күні аулаға бір үйір масақ түсіп, оны Әтеш тауып алады екен. Тышқандарға барса, олар ұнға салып, нан пісірейік, бәлік пісірейік деп ақыл-кеңестерін жаудырыпты. Алайда бос әңгімеден басқа ешбір көмекке жарамапты. Бар еңбекті Әтешке атқаруға тура келді. Тәтті бәліштер дайын болды, тышқандар дастархан басына жүгіріп, жинала қалды. Сол кезде Әтеш кімнің бәліш жасауда еңбегі бар деп сұрапты. Тышқандар үндемей, бәліштің де дәмін татымай, ұяттан тұрып кетіп қалады екен.
Ертегіміз балаларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және ізеттілікке баулиды. «ҚОЯН, ТҮЛКІ ЖӘНЕ ӘТЕШ». (Г.Ландау)
Қоянның үйшігі қабықтан жасалған, ал Түлкінің үйшігі мұздан жасалған. Суықтан сақтанған Түлкі Қоянның үйіне келіп, біраз жылына тұруды сұрапты. Мейірімді Қоян қонақтың бетін қайтармай, үйіне кіргізсе, сол қонағы оны өз үйінен қуып шығады екен. Ит пен Аю Қоянға көмектесу үшін бар күшін салыпты, алайда ақырында Қоянды бұл жағдайдан Әтеш құтқарып шығармақ.
Өнегесі мол оқиға. Классикалық драматургиялық материал. Театрдың алтын қоры. Бүгінгі таңда бұл қойылым жаңа көрініске ие болып, жаңа қызық өмірге қадам басуда.
Сіздерді театр төрінде асыға күтеміз!