newWidget
Көшеге түскен кілт немесе есік артындағы күйеу (КАТМК) - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Көшеге түскен кілт немесе есік артындағы күйеу (КАТМК)

Оперетта жазатын жеңілтек композитор көңілдес әйелінің күйеуінен қашып, көрші үйлердің шатырында жасырынады. Ашық тұрған терезені көріп, сонда кірсе, бөтен біреудің жатын бөлмесіне тап болады екен. Бұл бөлме Анри Мартель есімді полиция шерифінің көмекшісінің жаңа алған әйелі Сюзандікі екен. 

Өзінің сүйкімді құрбысы Розиттамен әңгімелесіп отырған Сюзанды жас бөтен композитордың оның бөлмесіне келуі қатты таңғалдырады, себебі түн уақыты таяп келеді, ал оның жаңадан тұрмыс құрған күйеуі жақын уақытта келуі керек екен. 

Құрбылар күтпеген қонақтан қалай құтыларын білмей алаңдайды, композитордың өзі де ұзақ қалуға асық емес. Терезеден қуана-қуана секірере еді, алайда пәтер төртінші қабатта болғаны біраз кедергі келтіріп тұр. 

Оған қоса, оған қалыңдықтың құрбысы Розитта ұнап қалыпты, содан композитор олармен қоштасуға еш асығып тұрған жоқ болып шығады. Мәселеден абдыраған Сюзан бөлме есігін тарс жауып, кілттеп, күйеуін кіргізбей қояды, себебі бөлмеде бөтен жас жігітті көрсе, түсініспеушіліктер орнап қалуы әбден мүмкін. Бұған қоса мәселені ушығытып, бөлменің кілті терезеден сыртқа құлап кетеді.