Өтетін орны: Орал қаласы, «Аманат» концерт залы, ж. Молдағалиева, 19
Спектакльдің авторы: Айжан Атымтаева
Премьера күні: 04.05.2014 ж
Қоюшы Режиссер: Самал Әбуов
Суретші: Мұрат Мамбетова
Жанр: ертегі
Ұзақтығы: 40 минут
Жас шектеуі: 3+
Қосымша:
Оқиға аң патшасы арыстанның сырқаттанып қалуына байланысты оның орнына лайық жануар іздеуінен басталады. Таққа таласып, бір мәмілеге келе алмаған қасқыр, қоян, түлкі, аю, кірпі барлығы ақырында әрқайсысы кезектесіп билеуге, сөйтіп, кімнің іс-әрекеті патша болуға лайық келсе, соны тағайындаймыз деп келіседі. Бірақ бұлардың ешбірі орман заңдылығын сақтаған күйі басқара алмай, дағдарып жатқанда арыстанның сау екені, жай бұларды сынақтан өткізгені белгілі болады.