Кибун (корей тілінен аударғанда) - адам баласының көңіл күйі, ішкі сезімдері мен қоршаған ортамен ішкі тепе-теңдігі.
Корей театрының жаңа 93-ші театр маусымында біз балет труппасының есептік концертін ұсынамыз, ол корей биінің дәстүрін ғана емес, сондай-ақ екі мәдениеттің тоғысында туған өзіндік ерекше би тілі мен стиліне ие. Адамның түрлі жағдайының призмасы арқылы корей әсерлі би қозғалысының табиғатын зерттеуге тырысамыз.