Бұл қойылымда қырғыз елінің ұлттық философиясы көрініс тапқан. Қойылым желісі – қырғыз елінің мақтанышы Құрманжан Датқа туралы өрбиді. Тағдыр таразысына түскен датқа... Таразының бір басында елі, бір басында ұлы тұр... Құрманжан Датқа тағдырымен бетпе-бет жолыққан түнде, таразы басының қай тұсын таңдар екен?.. Өзегін жарып шыққан ұрпағының жалғасы, туған перзентін бе? Жоқ әлде, өзін дүниеге әкелген қырғыз елін бе?