Тапқанын араққа жұмсайтын жалғыз басты еркек масаң күйде досымен Ресей елінің президентін үйіне қонаққа шақырамын деп бәстеседі. Бұл бәстесу телеарнаға шығып, Ресей президенті шақыруды қабыл алады. Міне осыдан бастап бас кейіпкеріміздің өмірі күрт өзгереді. Пәтері, тіпті ауласы күрделі жөндеуден өтіп, қонақты қарсы алуға дайындалады. Жаңарған пәтеріне келісімшарт бойынша жаңа қалыңдықта келеді.
Бір басшыны күту жолында лауазымды қызметкерлердің жағымпаздық әрекеттері көрініп, олардың көздегені қызметтен өсу жолы екені белгілі болады. Басты кейіпкерге жалған бақытты өмірді қолдан жасап береді.