Қ. Қуанышбаев атындағы драма театры
Қазақ тілі | ||
Ғасырлар түйіскенде адам баласының басына түсетін құса-шерді, рухани бағдардың жоқтығын сезінуден туар ауыртпалықты, өлара шақта кейіпкерлерді торитын жалғыздық кеселін Чехов пьесасында ішкі иірімдермен берген. Режиссер Сергей Потапов модернистік баянмен өмірде мақсатсыз, қорғанышсыз, дәрменсіз сенделген жандардың тұрмыс-тіршілігін сырты күлкі болғанымен түбінде тұнған көз жасы арқылы беруге ұмтылған. Чеховтың суреткерлік ұлылығы, адамсүйгіштігі оның қаһармандарының уақыт пен кеңістіктен тыс жасай беретін шынайылығында.
Қосымша: «ШИЕ» комедиясы Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық фестивалінде «Үздік спектакль» номинациясына ие болды (2016 ж).
Челябі қаласында өткен «CHELoBEK ТЕАТРА» V Халықаралық театр
фестивалі аясында көрсетіліп, халықаралық театр сыншыларының жағары бағасын алды.
Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестиваліне қатысып, халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.
Қазақ тілі | ||