newWidget
JUNGLE - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

JUNGLE

Корея ұлттық заманауи би компаниясының гастролі

JUNGLE

хореографиялық туындысы

10 тамызда «Астана Опера» театры сахнасында Корея ұлттық заманауи би компаниясы гастрольмен өнер көрсетеді. Қонақтар Jungle хореографиялық туындысын ұсынбақ. KNCDC хореографы әрі көркемдік жетекшісі – Ким Сонён.

Хореографиялық туындының премьерасы Халықаралық заманауи би фестивалінде (MODAFE) 2023 жылғы қазан айында өтті.

Қысқаша мазмұны:

Джунгли – дене түйсіктері мен өмірлік күштің сұрапыл қақтығысы орын алатын жер. Оқиға жаратылу мен бұзылу, жасырын мен айқын, қимылсыздық пен қозғалыс, сондай-ақ босаңсу мен күш салу қатар жүретін джунглиге айналған сахнада өрбиді, бұл біздің күнделікті өмірімізді еске түсіреді. «Джунгли» – бұл сахнада көрініс тапқан қозғалыстарды ұғыну әрекеті және біз елестеткеннен де ауыр әрі күрделі тіршілігіміздің қиындығы мен ауыртпашылығы туралы ойлануға мәжбүрлейді. Бұл жұмыс KNCDC көркемдік жетекшісі Ким Сонён өткізген «Process Init» әдеттен тыс қозғалыстарын зерттеуге негізделген. «Process Init» процесінде бишілер қозғалыс ауқымының өзгерістері мен кеңейтілуін ала отырып, өздерінің бойындағы жеке нақты сезімдерін оятады әрі өзара әсерді зерделейді.

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Хореограф – Ким Сонён

Репетициялар режиссері – Ли Джунук

Композитор және музыкалық директор – Марихико Хара

Мәтін және драматургия – Ким Мийонг

Сценограф – Ю Джехён (Youjam Studio)

Жарық бойынша суретші – Ли Чжонюн

Костюмдер бойынша суретші – Бэ Гёнсуль

Дыбыс директоры – Чон Сэром

Техникалық директор - Чо Юнгын

Қойылымдық бөлім меңгерушісі – Соль Йосэп

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Кан Сыннён, Кан Сынхён, Ким Мина, Ким Юнми, Ким Юнхён, Сон Минджон, Ян Джиён, Ю Дэджон, Ли Кёнюб, Ли Джису, Чон Джэу, Чон Чурён, Чо Хёндо, Чон Юндон, Чхве Ёнджин, Ха Джихё, Хон Джихён

Хореограф – Ким Сонён (KNCDC көркемдік жетекшісі)

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.