ТикТок желісінің сенсациясы, 14 платиналық жүлделердің иегері әрі кәсіпкер - Джейсон Деруло өзін әлемдік поп-музыкадағы ең жарқын тұлғалардың бірі ретінде танытты. 5-ретті платиналық жүлдеге иелік еткен «Whatcha Say» синглімен жоғары белестерге жетіп, бүкіл әлем бойынша 200 миллионнан астам пластинка даналарын сатқаннан кейін, марапаттарға қол жеткізген әнші/әндер авторы әйгілі хиттердің тоқтамас қатарып шығарып, музыка саласын бастаушылардың көбісімен серіктестікте шығармашылығын қиыстырды.
Оның соңғы жетістіктері ретінде әртістің ТикТок желісіндегі ең ауқатты криэйторлердің қатарына ілінуін атап өтуге болады. Джейсон Дерулоның ТикТоктағы парақшасы ауқымдығы бойынша 11-ші орынды иеленіп, желідегі жазылушалылар саны бойынша 4-ші орында тұрған танымал ер адамдар қатарын бастап тұр.
2021 жылдың басында Atlantic Records-қа жазылғаннан кейін, әртіс өзінің ұмытылмас әрі еліктіргіш поп-әндер шығару өнерін бүкіл әлемге паш етіп, шығармашылығының ұдайы даму үстіндегі жаға дәуіріне қадам басты. Қазіргі таңда әнші өзінің асыға күтіліп отқан студиялық бесінші альбоміне еңбек етуде. Бұл оның музыкалық чарттардың тобын жарып отыратын «Everything is 4» альбомінен кейінгі алғаш толық альбомі болмақ. «Everything is 4» - құрамында Adam Levine бірге жазылған «Lifestyle», «Take You Dancing» және 2-ретті платиналық трэк Savage Love (Laxed - Siren Beat)» мега-хиттері кірген ерекше альбом. Соңғы аталған туындысы жаңазеландиялық продюсер Jawsh 685 бірге серіктестікте жазылып, Top 40 radio хит-парадында бірінші орынды алды. Кейіннен аты аңызға айналған топ BTS ұжымымен бірге жазылған ремиксі бұл әнді Billboard’s Hot 100 әлемдік рейтингінің қатарына енгізді. Жақын уақытта австралиялық және жаңа зеландиялық электронды музыка дуэті - Derulo пен SHOUSE - Never Let You Go атты биге тартатын жаңа туындысын шығарды.
Нағыз көп қырлы жасаушы Деруло өзін актер ретінде, әрі Catch L.A. және Rumble Boxing кәсіптеріне инвестиция салып, бизнесмен ретінде танытты, сондай-ақ Солтүстік Каролинада өндірілген Bedlam Vodka компаниясының ортақ иегері атанды. Оның соңғы талпыныстар қатарына өсімдік негізіндегі органикалық қайың суы өндіретін Organic Treo компаниясының елеулі үлесін сатып алуы, TikTok-та алғаш рет ашқан суперқаһармандық жоба Ouzo графикалық романын шығарып, Z2 Comics-пен серіктестік жасауы кіреді. Келесі жылдың басында Деруло BBC 3 арнасында Project Icon деп аталатын өзінің музыкалық шоуын бастайды. Бұл Деруло мен оның менеджері MultiStory Media және ITV America-мен бірлесіп жасаған алты кезеңдік музыкалық байқау болады. Байқауға қатысушылардың тәлімгерлері ретінде шоуға Дерулоның өзі, The Voice тобынан Бекки Хилл және Джейсонның менеджері Фрэнк Харрис кіреді. Шоуды BBC Radio 1 жүргізушісі Джордан Норт жүргізеді.