newWidget
Өлу өнері. Бейнешілдіктегі ажал Алматы қаласында - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Өлу өнері. Бейнешілдіктегі ажал Алматы қаласында

Өлу өнері
Бейнешілдіктегі ажал

Ажал - барлық адам баласын біріктіретін бірден-бір ұғым. Одан қашып құтыла алмаспыз, оның қадамы бізбен қатарлас, ажал күшіне тек мойынсұнып қана жүре аламыз. 
Ғасырлар бойы ажалмен бірге бір жолды бөлісіп, онымен мәмілеге келудің, алдын алудың, достасудың сан түрлі амалдарын іздеуден әлі күнге дейін де шаршамағанымыз рас. 

Бұл істе бізге бейнешілдік көмектеседі. Өнер - өліммен күресудің, жоқтауды бастан өткерудің және ажалдың бір сәттілігі туралы еске түсірудің ең жақсы тәсілдерінің бірі. Бізді өлуге үйрететін өнер, өлім үдерісінің өзі нағыз өнер туындысы болуы әбден мүмкін

Осы дәрісте Артур бізге өлім тарихы туралы, сан түрлі ғибадаттар туралы және ең бастысы - Египет пирамидаларынан бастап біздің ата-бабаларымыздың бейіт бастарына дейін өнерде өз бейнесін қалай тапқаны туралы әңгімелейді.

Артур - қазіргі таңда өнертану саласындағы ең үздік спикерлердің бірі. Оның дәрістері әлемнің 20-дан астам ірі елінде (Германиядан Қазақстанға дейін) жүздеген адамды тартады.
Оның дәрістері көрерменді өзінің жеңілдігімен, қол жетімділігімен және күлкінің молшылығымен қызықтырады, бірақ бұл материалдың көлемі мен ашықтығына ешқандай зиян келтірмейді. Артур көрерменді қазіргі заманғы түсінікті тілде сөйлей отырып, өнерді түсінуге қалай оңай және оңтайлы үйретудің жолын таба білді.