ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Гоголь. Мұрын. АОРДТ гастрольдері Астана қаласында

Гоголь. Мұрын. АОРДТ гастрольдері Астана қаласында

Сипаттама

Қойылым кейіпкерлері көктемі жайнаған, алайда ызғары қайтпаған Петербург қаласында тұрады. Цирюльник Иван Яковлевич әйелінен қатты қорқады екен, штаб-офицері Подточина Ковалевтің қызына үйленбей қалуы мүмкіндігі туралы мазаланса, ал майор Ковалевтің мұрнымен бірге өзінің маңыздылығын, ал онымен бірге өмірінің мәнін жоғалтып алыпты. Әртүрлі болған осы кейіпкерлердің әрқайсысы махаббат пен адамгершілік жылуын аңсап, сағынады, адами жылу іздесе де, таба алмайтыны өкінішті.

Сондықтан Николай Гогольдің өз мұрнын жоғалтқан майор Ковалев туралы ойға сыйымсыз және фантастикалық хикаясы режиссердің түсіндірмесінде өмірдің сынақтарына төтеп бере алмайтын бақытсыз және жалғысыраған адамдар мен олардың билігіндегі құпия күш туралы әңгімеге айналды.

Режиссер Тимур Кулов Б.В. Щукин атындағы театр институтының түлегі (РФ Леонид Хейфец курсы). Қазан, Буинск, Уфа, Челябі, Липецк, Новокузнецк, Абакан, Тюменде өз қойылымдарын сахна төріне шығарды. Оның Науруз», «Федерация», «Мелиховская весна», «АРТМИГРАЦИЯ», «Молодежь. Театр. Фест» сияқты көптеген қойылымдары елеулі театр фестивальдерінде жанданған. Г.Кариев атындағы Татар жастар театрында «Рүстемнің шытырман оқиғалары» спектаклі үшін «Алтын маска» жоғары ұлттық театр сыйлығының қазылар алқасының арнайы жүлдесінің иегері (2024 ж.) атанды.

Тимур Кулов: «Бас кейіпкердің мұрынын жоғалтуы біртүрлі жағдай болса да, Гоголь қаламынан туған әлемде әбден болуы мүмкін! Бұл кейіпкер үшін үлкен сынақ! Оның үйреншікті өмірінің бүкіл күй-жайының түбегейлі өзгеріп, өзі құрған тұзағынан арылу жолы! Алайда кейіпкер бұл әлемнен құтыла ала ма? Бұл оқиғадағы Ковалев расымен де қаһарман ма? Әлде біз бір қарағанда байқамаған адам қаһарман болып шыға ма?»

СПЕКТАКЛЬ 2022/23 ЖЖ МАУСЫМЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША «АЛТЫН МАСКА» ҰЛТТЫҚ ЖОҒАРЫ ТЕАТР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛОНГ-ТІЗІМІНЕ ЕНДІ.
Анна Лебедьтің майор Ковалев рөліндегі жұмысы ерекше атап өтілді.

СПЕКТАКЛЬ 2022/23 ЖЖ МАУСЫМЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША САНКТ-ПЕТЕРБУРГТЕГІ «АЛТЫН СОФИТ» ЖОҒАРЫ ТЕАТР СЫЙЛЫҒЫНА НОМИНАЦИЯЛАНДЫ. КЕЛЕСІ ТӨРТ НОМИНАЦИЯДА:

«Шағын формадағы үздік спектакль»
«Режиссердің үздік жұмысы»
«Үздік актерлік дуэт» - Анна Лебедь және Дмитрий Ткаченко (Ковалев, коллеждік асессор)
«Үздік қосалқы рөл» - Никита Остриков (Редактор)
«Те-ART-Көкше» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНДЕ «ҚОЛА БҮРКІТ» СЫЙЛЫҒЫ

ГАСТРОЛЬДЕР:

Қазақстан, Көкшетау қаласына гастрольдер («Те-ART-Көкше» V халықаралық фестивалі), 2023

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Горький атындағы драма театры

  • Тұсаукесер күні

    2023 жылғы 16 сәуір

  • Қоюшы-режиссер

    Тимур Кулов

  • Қоюшы-суретші

    Николь Кламперт

  • Жанр

    керемет оқиғаның хикаясы

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 8
    Қыркүйек
    ертең
    Театр драмы им. Горького (Астана)
    Большой зал
    бастап 6000 ₸
    бастап 6000 ₸