«Өткеннің әсерінен сіз не болатынын білесіз деп ойлайсыз. Дәл осы себептен әр кез сайын бір қателік қайта-қайта орын ала береді.
Тағы бір рет бастап көрейік!»
Ханнер Кюрман өмірін қайта басынан өмір сүріп, әйелі Антуанеттаға үйленбеуге тырысады.
Таңдау құқығы шын мәнісінде бар ма? Адам баласы өз тағдырына әсер ете ала ма, әлде өмір деген пенденің күшіне бағынбайтын сәттер мен оқиғалардың алма-кезегі ме? Бұған еш әсер ете алмай, әлдебір тылсым дүниенің «Өмірбаян» атты ойынды жүргізуін тек бақылап қана отыра аламыз ба?
Бәлкім, бұл ғалам туралы біліп-терген ілімдеріміздің барлығы жалған, ал ақиқатында өмір заңдылықтары мүлдем басқаша шығар.
Әлде таңдау құқығы шынымен де бар ма?
Зерттеу жасайық.
Бес актер, ойын, тағдыр.