Қазақстан ЮНИСЕФ бірлестігінің қайырымдылық гала-кешкі астарын өткізудің әлемдік дәстүріне қосылады.
Гала-кешкі астың негізгі мақсаты - балалардың құқықтарын ілгерілету, инклюзивті қоғам құру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар қазақстандық балаларды қолдау жөніндегі ЮНИСЕФ бағдарламасын іске асыруға қаражат жинау.
Бағалы лоттар аукционында және билет сатудан жиналған барлық қаражат 2000-нан астам балаға қажетті жабдықтар мен мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қол жеткізуге және сандық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін бағдарламаны іске асыруға бағытталатын болады.
Кештің қонақтарын шеф-аспаздан тәтті-дәмділер, әртістердің өнері, жанды музыка мен би күтеді.
Кештің жүргізушісі - Нұрлан Сабуров
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ізгі ниет елшілері - Ninety One тобы және басқа да белгілі әртістер бізді өз шығармашылықтарымен қуантады.
Әлеуметтік желілеріміздегі ақпаратты қадағалаңыздар.