newWidget
- Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы туған ауыл, өзі өскен шаңыраққа деген әрбір адамның парызын қайта оралтып, көп ойларға же­телейді. Ауылда мүгедек баласымен қалған ана мен қалада тұратын балалардың кере­ғар тірліктері жаныңды күйзелтіп, көңілің­ді мұңға бөлейді. Психологиялық драма­ның мәні әрбір көрерменге туған ел мен туған жермен қатар, туған шаңырақ пен ата-ананың алдындағы перзенттік парыз­дың бар екенін паш етеді. Бұл спектакль – өмірдің нақ өзі! Өмірдің алуан-алуан қиындықтарына қарамастан, әрбір саналы адам қоғамдағы, отбасындағы өзінің рөлін ұмытпауы тиіс деген игіліктен туған дүние.

Бүгінгі қоғамдағы боямасыз шын­дық – ағайындар арасындағы алауыздық. Бір жатырға сыйғандардың бір шатырға сыйыспауы – зор қасірет!