Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры
Жас шектеуі: 12+
Қазақ тілі | ||
Көрнекті жазушы-драматург Тынымбай Нұрмағамбетовтың екі бөлімді музыкалық комедиясы араға бес жыл салып сахнаға қайта оралды.
Бес бойдақ – Қырманбай шал және оның ұл - қыздары. Жер ортасынан ауғанда кемпірі дүние салған Қырманбайдың көңілі ұлдарының тұрмыс-тіршілігіне толмайды, сондықтан өз әулетінің ертеңіне алаңдаулы; ал ұлдары болса әкесін үйлендірмек болып әлек…
Бүгінгі күн мәселесін ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарастыратын әзілге толы қойылымда әсем ән мен қазақы қалжыңдар жалпы атмосфераны жандандыра түседі.
Қазақ тілі | ||