newWidget
Бақшасарай бұрқағы - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Бақшасарай бұрқағы

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

 

​Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

2020 / 2021                 Үлкен зал                  VIІІ маусым

21 маусым * дүйсенбі * 19.00

 

Борис Асафьев

«Бақшасарай бұрқағы»

Прологы мен Эпилогы бар екі бөлімді балет

 

Ростислав Захаровтың хореографиясы

А. Пушкиннің аттас поэмасы бойынша либреттосын жазған Николай Волков

 

 

Қоюшы балетмейстерлер – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық  әртісі

Қоюшы балетмейстердің ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Қоюшы суретші – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жарық бойынша суретші – Виничио Кели

Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли

 

 

Балеттің әдеби түпнұсқасы – Бақшасарай бұрқағы немесе Көз жасы бұрқағы туралы ежелгі аңызға негізделген, А.С. Пушкиннің аттас поэмасы болды.

Қайырымсыз Қырым қолбасшысы Гирей хан Польшада сойқан салуда. Кезекті бір шабуыл кезінде оның әскері басып алған поляк қамалында, князь қызы Марияның туған күні тойланып жатады. Басқындар бәрін қырып, тек хан ессіз ғашық болып қалған Марияны ғана тірі қалдырады.

Бақшасарай гареміне әкелінген сұлу күң Мария Гирейдің сүйікті әйелі, жас поляк қызы үшін өз дәрежесінен айырылған – Заремаға тап болады. Сол кеште хан Мариядан өз жүрегін ашуды жалбарынады, бірақ ол салқындық танытады. Гирей хан бұған көніп, шығып кеткен кезде ұйықтайтын бөлмеге Зарема кіреді. Ол хан ұсынысын қабылдамауды талап етеді, ал Мария оған Гирейді ешқашан жақсы көрмейтінін айтады. Бірақ Марияның бөлмесінде қалып қалған ханның тақиясын көрген Зарема қызғаныш сезіміне беріліп, күңді өлтіреді. Гирей хан қатты қайғыруда.

Б. Асафьев балетінің тұңғыш қойылымы 1934 жылы С.М. Киров атындағы Ленинград опера және балет театрында өтті. Жас хореограф Р. Захаровтың жаңашылдығы – батыс пен шығыс би негіздерін өзара біріктіру және қарсы қоюда болды, бұл екі әлемнің айырмашылығын көрсетті. Алғашқысының нәзік лирикалылығы, жауынгерлік сезімге толы екіншісіне қарама-қарсы тұрды.

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

 

Гирей хан –   Тұрлыхан ТОЙҒАН

 

Зарема –         Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Мария –          Бақытгүл ИСПАНОВА

 

Вацлав –        Данияр ЖҰМАТАЕВ

 

Нұралы –       Жансерік АХМЕТОВ

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

 

 

Ұзақтығы – 2 сағат (бір үзіліспен)

 

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады