«Қызыл желкендер» музыкалық қойылымы Александр Гриннің аттас повесіне негізделген. Бұл оқиға қажымас сенім мен берік, асқақ арман туралы, әр адам өз жақындары үшін ғажайыптар жасай алатыны туралы әңгімелейді. Константин Паустовский повестің мағынасын өте жоғары бағалаған болатын: «Егер Грин «Қызыл желкендер» прозалық өлеңін қалдырып, дүниелік болған жағдайда, жүректі кемелдікке тартатын ұлы жазушылардың қатарына оны да енгізуге жетерлік еді».
Анасынан бес айлығында айырылған Ассоль есімді қыздың хикаясы бәрімізге таныс. Ассоль өзінің теңізші әкесімен бірге тұратын еді. Қызметтен кеткеннен кейін әкесі қызы екеуінің күнгөрісі үшін балаларға арналған ойыншықтар жасай бастайды. Бір күні Ассоль орманда Эгль есімді шалды кездестіреді екен, ол қызға бой жеткен кезде оған қызыл желкендері бар кеме мінген ханзада келетінін болжап береді. Ассоль шалға сеніп, сол күннен бастап өз ханзадасын күте бастайды. Сөйтіп күндердің бір күнінде оның арманы шындыққа айналады.