Аталмыш аңыз бойынша құрылған екі әрекеттегі балет
Музыкасы - Алмас Ермекұлы Серкебаев
Либретто және хореографиясы - Майлен Мінтайұлы Тілеубаев
І-әрекеттің прологі
Шексіз кең далада күн арайлап атуда. Күлден ажал құшқан сарбаздар қайта тіріліп келеді. Ұлы дала бізге не туралы сыр шертеді? Ол қандай құпияларды сақтайды?
I-Әрекет
Қатыгез және қанды шайқаста Ұлы Жаулаушы Шыңғысхан тағы бір халықты ойсырата жеңді. Оның сүйікті ұлы Жошы - үрей ұялататын, қулығы асқан ең епті жауынгер. Ол барлық қанды шайқастарда әрдайым алдыңғы қатарда орын алады. Осы ұрыста да Жошы хан өзінің әкесі - Ұлы Жеңуші Шыңғысханды қуанта алды! Ұлының еңбегінің ақысына Шыңғысхан Жошыға өз семсерін сыйлайды. Барша халық Шыңғысхан халқының Ұлы Жеңісін ұлықтайды!
Өмір өз кезегімен жүріп жатыр.