newWidget
TÜRAN ÂLEMI - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

TÜRAN ÂLEMI

Құрметті павлодарлықтар мен қаламыздың қонақтары! Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы сіздерді Астана, Алматы және Алтай Республикасынан келген белгілі қонақтардың қатысуымен «TÜRAN ÂLEMI» атты түркі музыкасының үлкен концертіне шақырады.

Р.Омаров атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі қазіргі заманның көрнекті музыканттарымен бірлесіп дайындаған «TÜRAN ÂLEMI» жаңа концерттік бағдарламасы ешкімді бей-жай қалдырмай, көрермендерді көшпенділер музыкасының қызықты әлеміне баурайтыны анық.

Иса Байзақов атындағы филармонияның сахна төрінде Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия және Алтай Республикасының белгілі композиторларының туындылары орындалады. Олардың көбін павлодарлық көрермен алғаш рет тамашаламақ.

Дирижерлік тұтқада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат Кәрімов, Жанас Бекентұров, Алтай Республикасы Мемлекеттік оркестрінің бас дирижері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері Владимир Кончев өнер көрсетеді. Кеште Қазақстан мен Алтай Республикасының халықаралық байқауларының лауреаттары Әбілқайыр Сағымбаев пен Айсур Нонуков та өз өнерлерін ортаға салады.

banner