ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қарағанды
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Саяжайлық романс (КАТМК)
Freedom SuperApp қолданбасында төлеңіз – картаңызға кешбэк алыңыз
13% кешбэк

Саяжайлық романс (КАТМК)

Сипаттама

«Ата-ана» мен «балалар» мәселесі адамзат тарихының туындаған сәтінен бастап бар болып келеді. Қазіргі заманда бұл мәселенің түр-кейпі біраз өзгерсе де, мағынасы сол күйінде қалған. Жесір қалған Татьяна Андреева саяжайда демалып жатыр, ал оның қызы мен күйеу баласы демалыс-сапарға аттанғысы келеді екен, алайда... Анасының қан қысымының жағдайы нашар, оған күтім керек, ал оған қамқор болатын басқа ешкімі жоқ. Кенеттен өзінің қызмет демалысын өзен жағасында балық аулаумен өткізбек болған, басы бос, әдепті Вадим Петрович деген кісі пайда болады. Саяжайлық кентте баспана іздестіріп, Вадим Петрович Татьяна Андрееваның үйінде уақытша түратын болыпты, ал қос жастарға бұл сәтті де жақсы іс болды, себебі аналарына қамқоршылық ететін адам табылды. Оқиға түбегейлі қарапайым! Өмірде мұндай заттар ұдайы және барлық жерде болып тұрады. Алайда ақырында Вадим Петровичтың қаладағы пәтерін Татьяна Андреева жалға алатын болып шығыпты.

Қойылымның ерекшеліктері

Бір қарағанда, пьеса қарапайым тұрмыстық оқиға туралы, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністіктің жоғалуы туралы баяндайтын секілді. Алайде кей осындай жағдайларда адам болмысының ең жақсы, аса жоғары қасиеттері көріне бастайды. Бұл қасиеттер адамның өз-өзіне деген, қоршаған ортаға деген көзқарасының жаңа қырын ашуға қадам жасатады. Әлде олай емес пе? Әп сәтте жастар үлкендерге жеке өмірлеріне деген құқығының маңыздылығын түсіріп, кей жағдайларға өзімшілдік, арам көзқараспен қарайтыны да болады. Кей кезде жастардың ата-анасына деген қатынасы мазаққа дейін де баруы мүмкін. Бірақ не болса да, бұл пьеса қарапайым оқиғадан пайда болған махаббат туралы. Бұл - мөлдір таза романспен көмкерілген роман.

Комедияда театрдың жетекші вокалистері мен, хор және балет әртістері өнер көрсетеді.

Толық оқыңыз
  • Либреттосы

    Б. Рацера, В. Константинова

  • Жанр

    лирикалық комедия

  • Ұзақтығы

    1 сағ 50 мин

  • Көркемдік жетекшісі

    ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Владимир Сухов

  • Қоюшы режиссері

    Галина Кожушкина

  • Қоюшы Балетмейстер

    Андрей Терентьев

  • Қоюшы-суретші

    О. Витолс

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ

    Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз