ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қарағанды
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Сүй мені, Кэт (КАТМК)
Freedom SuperApp қолданбасында төлеңіз – картаңызға кешбэк алыңыз
13% кешбэк

Сүй мені, Кэт (КАТМК)

Сипаттама

В. Шекспирдің «Қыңыр әйелді жуасыту» пьесасы К. Портердің «Сүй мені, Кэт!» мюзиклінің негізіне алынған.

Падуедегі алаң Баптистаның үйінің жанында орналасқан. Оның қызы Бьянканың көңілін жаулау мақсатымен ынтызар болған Гортензио, Гремио, Люченцо артынан қалмайды. Оған қоса осында Падуеде үйленуді аңсаған Петруччо да келеді. Катарина тұрмыс құрып, өзінің жойқын мінезін басуды қаламайтын Баптистаның қыңыр қыздарының бірі. Бьянка болса, керісінше, тұрмысқа шығуға асық. Қыздардың қайсысы жақсы жар болып, Шекспирдің туындыларында оқиға қалай өрбитінін бәріміз білеміз. Алайда «Сүй мені, Кэт!» әйгілі драматургтің туындысының ғана негізінде жасалмаған. Бұрынғы ерлі-зайыптылар Лилли және актер Фредтің театрлық және өмірлік оқиғалары да енгізілген. В.Шекспирдің «Адуын әйелді жуасыту» қойылымында ойнай отырып, Лилли және Фред басты кейіпкерлер Катарина мен Петруччоның рөлдерін сомдайтын болады.

Пьесаның сюжеті актерлердің өмірімен үндеседі: оның кейіпкері сияқты қыңыр және ерікті Лилли қызғаныштан қойылымның басталуын бұзып, театрдан кететінін жариялайды. Алайда Фредке деген, театрға деген махаббат жеңіп, актриса сахнаға қайта оралады. Оқиғаның барлығы Мельпомены ғибадатханасында жанасты. Петруччоның рөлін сомдайтын бірде Фред Грэхем Лилли Ванессидің қыңырлығын жуасытпақ. Бірде Катаринаның рөлін ойнайтын Лилли Ванесси Фред Грэхемнің мінезін жуасытпақ. Өткінші сәттіліктермен ғана толысқан нағыз шайқастар орын алуда. Ал кім кімнің мінезін жуасытып жүргенін көрермендер шешетін болады.

Қойылым ерекшеліктері

Қойылым «театр ішіндегі театр» ретінде дайындалған. Және бұл театр, әттеген-ай, бродвейлік емес. Балтимор театрының сахнасында Шекспирдің әйгілі пьесасы орындалып, ал сахна сыртында, кейде тіпті сахнаның өзінде, мүлде шекспирлік емес оқиғалар орын алып жатады. Заманауи ер адамдар мен әйелдер өз жұмысын атқарып, мәселелерін шешіп, махаббат тізгіндерін бұзумен және басқа да дүниелермен әлек. Өткен жұзжылдықтың шиеленістері мен бүгінгі күндердің шиеленістері теңеседі. Алайда мұндай сюжеттік бетбұрыстардың ерекшеліктері орындаушыларды шындықпен беттестіріп, біраз өмірлік мәселелер мәңгі екенін және күні бүгінге дейін өз шешімін таба алмай жатқанын анық көрсетеді.

Екі түрлі ғасыр киімдер үлгісі мен мінездері бір сахна төрінде жанасқан. Түрленулер, монолог пен дуэттер, безендірулердің лезде алмасуы және түрленуі жетерлік. Режиссерлік шешімдер сәтті орындалып, қойылымды одан әрі көркейте түседі әрі ерекшелендіреді.

Мюзиклде театрдың жетекші вокалистері, хор мен балет әртістері өнер көрсетеді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

     Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 32/2, КАТМК

  • Либретто

     Б. С. Спивак

  • Премьера күні

     2008 жылғы 4 сәуір

  • Ұзақтығы

     2 сағат

  • Қоюшы-режиссер

     Сусанна Цирюк

  • Қоюшы-балетмейстер

     Елена Дмитриева-Лавринович

  • Қоюшы Дирижер

     Роман Калошин

  • Қоюшы-суретші

    Мәлік Байкенов

  • Хормейстер

     Татьяна Борисовна Штыкова

  • Қосымша

     2 актілі Мюзикл

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 18
    Қаңтар
    Сенб
    KATMK
    ДКГ
    бастап 700 ₸
    бастап 700 ₸