newWidget
Күлбике - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Күлбике

Барлығымыз ертегіге тап болуды армандаймыз, және Күлбике есімді қарапайым қыз да соны армандайды екен. Ол шыншыл, келбетті, көңілді қыз және өгей анасы мен әпкелері не десе де, өз бақытын міндетті түрде кезіктіретініне сенеді. Күлбике балды ең болмаса сырттай көргісі келеді. 

Декорациялардың қарапайымдылығына қарамастан, «Күлбике» көрермендердің көңілін актерлердің жарқын өнерімен және бәрімізге ұнайтын оқиғаның желісімен қызықтырады. 

Барлық дерлік рөлдер театрдың жас әртістерімен сомдалады, ал біраз актерлері «Синтез» сахнасында алғаш рет өнер көрсетпек. Жас әртістерді жасы келген кейіпкерлердің рөлдеріне тағайындау да режиссерлік дизайнның бір бөлігі болып табылады, себебі өнер кеңістігінде патша мен ханзаданы ойнайтын әртістердің құрдастар екендігі еш маңызды емес. Маңыздысы басқада: Күлбикенің оқиғасын көрермендерді сендіретіндей етіп, жас шектеулеріне қарамастан көрермендердің әрқайсысы қойылымнан шыққаннан кейін ғажайыптарға сенетіндей етіп жеткізу. Және осы ғажайыптар олардың күндеріне міндетті түрде түспек! 

Актерлер: 

  • Герцог – Джохангир Омаров, 
  • Дризелла (Күлбикенің әпкесі) – Жания Карагаева
  • Күлбике – Инабат Рахметкалиева
  • Пері – Томирис Ерали   
  • Өгей анасы – Тахмина Алибекова
  • Патшайым – Аяужан Сарбасова
  • Анастасия (Күлбикенің сіңілісі) – Титова Ксения
  • Гас – Әбілмансұр Қараман
  • Ханзада – Никита Юсин 
  • Джак – Ернур Нурланбай