Өтетін орыны: Қ. Қуанышбаев атындағы театр
Автор: Сайын Мұратбеков
Премьера күні: 6 желтоқсан 2017 жыл
Қоюшы режиссёр: Жұлдызбек Жұманбай
Қоюшы суретші: Алтынай Жүсіпәлі
Жанр: драма
Ұзақтығы:
Жас санаты:
Қосымша:
АЛЫСТА ҚАЛҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМ... ОЙЫМНАН БІР КЕТПЕЙДІ.
Қу соғыстың бесіктен беліміз шықпай жатқанда-ақ біздің жүрегімізге салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап, жанға батып өтер-ау. Еш уақыт ұмытылмас. Асыр салар балғын шағымызда тағдыр біздің қабырғамызға да бар зілін салды ғой.
Ауыл жақтан қоңыр салқын самал еседі. Ашқылтым иіс аңқиды. Жусанның иісі. Бәрімізге таныс иіс...