newWidget
«ЖҰБАНОВТАР ӘЛЕМІ» - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«ЖҰБАНОВТАР ӘЛЕМІ»

«Жұбановтар әлемі» концерті

Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына

арналған мерекелік кеш

Өтетін күні мен уақыты: 29 қазан, 18:00

Өтетін жері: «QAZAQSTAN» ОКЗ (Мәңгілік ел, 10/1)

 

 

 

 

 




Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы және Қазақстан композиторлар одағы «Жұбановтар әлемі» атты КСРО және Қазақстанның халық әртісі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, қоғам қайраткері Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың 95 жылдығына арналған концерттік бағдарламасын ұсынады.

Музыка әлемінде өзіндік қолтаңбасын шебер үйлестіре білген сазгер опера, балет, симфония, концерт, ораторий, кантат, хорға арналған шығармалар, спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазған. Ол қазақ музыкасы жайлы көптеген ғылыми зерттеу еңбектерін жазып, еліміздің қоғамдық өміріне белсене атсалысты. Сонымен қатар, отандық өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен және төсбелгілермен марапатталған.

Жұбановтар әулетінің қазақ өнері мен мәдениетіне сіңірген еңбектері зор:

Ахмет Қуанұлы Жұбанов - көрнекті ғалым, қазақ музыкасын зерттеуші, композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылымының докторы, профессор, академик.

Ғазиза Ахметқызы Жұбанова – П. Чайковский ат. Мәскеу Мемлекеттік консерваториясын, аспирантурасын аяқтаған, Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстан композиторлар одағының басқарма төрағасы. «Аққұс туралы аңыз»,  «Хиросима»,   «Еңлік-Кебек», «28» және т.б. үздік шығармалардың авторы.

Әліби Мамбетов – Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, композитор, режиссер, ұстаз.

Карина Измаилова (шөбересі) - Қазақстан композиторлар одағының ең жас мүшесі, П. Чайковский ат. Мәскеу Мемлекеттік консерваториясының композиция мамандығы бойынша студенті, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты.

Концертте Ғ.А. Жұбанованың шәкірттерінің және заманауи Қазақстан композиторлық мектебінің жарқын өкілдерінің шығармалары орындалады. Концертте Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Айдар Торыбаевтың дирижерлігімен, Тұран фольклорлы-этнографиялық ансамблі, халықаралық байқаулардың лауреаттары Карина Измаилова, Дана Абдықадырова, Гүлмира Үмбетова өнер көрсетеді.

banner