newWidget
Есіңе менің алғайсың - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Есіңе менің алғайсың

Өтетін орны: Астана қ. Е. Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК

Премьера күні: 9 ақпан 2023

Актерлер: Майра Ильясова, Арайлым Рахым, Клара Төленбаева, Алтынай Жорабаева, Светлана Айтбаева, Медет Салықов, Естай Мұқашев, Ұлықпан және Фарида Жолдасовтар, Нұрбол Балапанов, Сәулежан Тағзия, Зарина Омарова, Алтыншаш Мұқатаева, Ақбота Құснадин, Әкімхан Мәженов, Мұратбек Хайролда, Айдын Жұмабай, Әйгерім Ораз, Отан Парасат және «ALEM» заманауи би балеті мен «Айналайын» балалар хоры.

Жанр: эстрада

Ұзақтығы: 1 сағат 30 мин

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

       Мұқағали Мақатаевты (1931−1976) ХХ ғасырдағы қазақтың ең ірі ақыны деп атайды. Ол небәрі 45 жыл өмір сүрді. Өкінішке орай, оның таланты өмірден өткеннен кейін ғана танылды: 2000 жылы ғана «Аманат» жинағы үшін Мұқағали Мақатаевқа әдебиет, өнер және сәулет саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Алайда, Мұқағали Мақатаев шығармашылығы көптеген көрнекті ақын-жазушыларды шабыттандырды. «Армысыңдар, достар», «Қарлығашым келдің бе», «Жүрегім», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің» сияқты жыр жинақтары нәзік лиризмге, өмірге және отандастарға деген сүйіспеншілікке толы. Ақын Отанның, туған жердің қадір-қасиетін әрбір оқыған оқырманның жүрегінің түкпірінен орын алатындай етіп жырлаған. Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық мұрасында әңгімелер, повестер мен поэмалар, пьесалар («Тау қыраны», «Қашқын», «Райымбек! Райымбек!», «Дариға», «Қош, махаббат») маңызды орын алады. Оның аудармашы ретіндегі талантының арқасында отандық әдебиет Дантенің «Божественная комедия» шығармасы, У.Шекспирдің сонеттері және У.Уитман өлеңдерінің қазақ тіліндегі аудармаларымен толықты. Ақынның өлеңдеріне көптеген әсем әндер жазылды, олардың арасында Шәмші Қалдаяқов пен Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары бар. Бұл әндер қазақ мәдениетінің маңызды бөлігіне айналды.

         «Есіңе менің алғайсың» музыкалық-поэзиялық кешінде Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Саған қарай барады ұшып», «Сәби болғым келеді», «Қариялар азайып бара жатыр», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Шәмші қайда», «Мен деп ойла», «Оралыңдар» және т.б. әндер орындалады.      

           Кеште отандық сахнаның танымал майталмандары мен жас әртістер, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Майра Ильясова, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Арайлым Рахым, Клара Төленбаева, Алтынай Жорабаева, Светлана Айтбаева, Медет Салықов, Естай Мұқашев, Ұлықпан және Фарида Жолдасовтар, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Нұрбол Балапанов, халықаралық, республикалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары Сәулежан Тағзия, Зарина Омарова, Алтыншаш Мұқатаева, Ақбота Құснадин, Әкімхан Мәженов, Мұратбек Хайролда, Айдын Жұмабай, Әйгерім Ораз, Отан Парасат өнер көрсетеді. Сонымен қатар филармония сахнасында көрермендер «ALEM» заманауи хореография балеті (көркемдік жетекшісі – Бақыт Тажинов) мен «Айналайын» балалар хорын тамашалайды.