newWidget
«VIVAT, КОНТРАБАС!» - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«VIVAT, КОНТРАБАС!»

2022 / 2023              Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал                       Х маусым

18 маусым * жексенбі * 18.00

 

Концерт

«VIVAT, КОНТРАБАС!»

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

Контрабастың дауысы тек «айтарлықтай жоғары» аспаптардың дыбысымен үйлесімділікте үндесіп қана қоймай, сонымен бірге жеке орындауға да лайықты деп шешкен алғашқы жандардың бірі – италиялық композитор әрі асқан шебер Доменико Драгонетти. Ол аспаптың беделін көтерді, оның ізімен Италияда контрабастың ерекшелігін жақсы түсінетін шеберлердің тұтас саңлақтар тобы пайда болды. Олардың ішінде Джованни Боттезини де бар: ол оркестр әуенінен аспаптың үнін қалай ажыратуға болатынын білді.

         Осы бір керемет аспаптың дауысы камералық музыка кешінің көркін аша түспек. «Астана Опера» оркестрінің контрабас тобының әртістері классикалық және ұлттық репертуардағы жеке әрі ансамбльдік нөмірлерді орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Сәбит ДАЙЫРОВ

Анатолий ЯКУШКИН

Бауыржан ШАҚАЕВ

Ермек СӘРСЕМБАЕВ

Махамбет ЖАРҒАҚОВ

Дәулет ҮДЕРБАЕВ

Нұрлан ДВЕСОВ

Батырхан ХАСЕНОВ

Шынар БАРЛЫҚОВА (скрипка)

Мұхамеджан АХАТОВ (виолончель)

Алмаз ТОҚПАНОВ (кларнет)

Диляра ҚАЛДЫБАЕВА (арфа)

Алмат САЙЖАНОВ (қобыз)

Жәнібек САПАРОВ (гитара)

Ольга КАМИНСКАЯ (фортепиано)

Меруерт ЖЕКЕНОВА (фортепиано)

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.