Үй таңдаған лақ - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Үй таңдаған лақ

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Қоюшы режиссері: Бейбіт ҚҰСАНБАЕВ, Мәдениет саласының үздігі

Қоюшы сурдоаудармашы: Сәуле Тұрлыбекова, Мәдениет саласының үздігі

Премьера күні: 14 желтоқсан 2021 жыл

Кейіпкерлер: Лақ – Айман ЕСЕНҚЫЗЫ, Қозы – Ербол ТІЛЕУКЕНОВ, Түлкі – Махаббат МАДҒҰЛОВА, Алтынай НҰРБЕК, Түлкішек – Айым ЖҮСІПБЕКОВА, Наурыз САБАҒАТОВА, Аю – Бекжан КЕРІМБАЕВ, Қасқыр – Нұрлыбек ТӨЛЕГЕН

 

Ертегіде кербез де жалқау лақтың бастан кешкен оқиғасы баяндалады. Көрші тұрған лақ пен қозының, тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан, баспаналарының шатыры тесіледі. Жалқау лақ өз баспанасын жөндемей, орманнан басқа үй іздеп, жолға шығады. Ал іскер де еңбекқор қозы шатырын жасауға кіріседі. Қалың орман ішінен үй іздеген лақ жолда түлкі мен қасқырға жем болуға шақ қалады. Қайырымды аюдың көмегімен аман қалған ол, орманнан үлкен сабақ алып, өз үйіне оралады. Достыққа адал еңбекқор қозы лақ қайта оралғанша, өз үйімен қатар лақтың да баспанасын бабына келтіріп қояды.

Ертегі еңбекқорлықты, табандылықты, достықты насихаттайды.  

banner