newWidget
Тырау-Тырау, Тырналар... - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Тырау-Тырау, Тырналар...

...Олар – сұрапыл соғыс балалығын ұрлаған жаралы гүлдер. Олар жылайды, қабырғасы қайыса қайғырады, бірақ бір сәтке де арманынан алыстаған емес. Тыраулап ұшқан тырналар легіне үн қатады, арман-тілегін жолдайды, келешекке зор үмітпен көз тігеді. Бас кейіпкер Бақыт бастаған жас жеткіншектердің халық басына қара бұлт үйірілген қысылтаяң шақтағы арман мен үмітке толы ішкі психологиялық күйін жіті сараптаған  драма, сұрапыл соғыс балалығын жалмаған буынның боямасыз күйін бүкпесіз баян етеді. 

Жолында кездескен қара ниетті мыстанның арбауынан құтылып, сұлу перизат арманына қол жеткізе ала ма?.. Ертегіге бергісіз ғажайып оқиғаның соңы немен аяқталмақ?..

 Бір-біріне кереғар екі әлем иесінің басынан кешкен таңғажайып тағдыры кішкентай көрермендеріміздің балғын танымын бір сәтке де бейжай қалдырмайтыны сөзсіз. Мазмұнды оқиға мен жарқын бояуға толы ертегінің балдырғандарға ұсынар жаңалығы көп.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:
 
Бахыт (сыбызғы) – Мейірғат АМАНГЕЛДИН
                                 Асылбек ӘЙТІШ
                              
Қасым (Пипин Короткий) – Ербол  ТЛЕУКЕНОВ
 
Аплаш (Қожанасыр) – Елдос ШАЙКЕНОВ
                                      Нұрбек ӘДІЛБЕК
 
Балташ (Кеңірдек) – Данияр  УРАЗАЕВ
                                  Абутәліп ӘМІРЕ
 
Балшекер  (Шегіртке) -  Наурыз  САБАҒАТОВА
 
Таурид (Эмма Ивановна) – Махаббат  МАДҒҰЛОВА
                                               Саида МАКСУМОВА
 
Баттал – Бахыт ХАДЖИБАЕВ 
                Ғани  ҚҰЛЖАНОВ
 
Гүлсім – Айнұр  РАХИПОВА
 
Военком – Бекболат  ҚҰРМАНҒОЖАЕВ
                  Азамат ЭСҚҰЛОВ
 
 
Марапаттар: 
 
1. XXIIІ Республикалық драма театрлар фестивалі (Өскемен, 2015)
           «Жоғары деңгейлі шығармашылық үйлесім»
banner