newWidget
Тас жүрек - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Тас жүрек

Тас жүрекАвтор:

Премьера күні: 16 қыркүйек

Өтетін уақыты: 18:30

Қоюшы-режиссер: Ж. Садықов

Актерлар:

Жанр: трагедия

Жас санаты:

Қосымша:

 

 

Қазақ халқы талай тарихтың ауыр кезеңдерін бастан өткерген қайсар да қайтпас халық. 

ХХ ғасыр біздің тарихымызда ең ауыр кезеңдердің бірі болып есте қалды.

Зұлмат заман жаңғырығы қанша ғасыр өтсе де ұрпақтың құлағынан кетер емес. Ашаршылықтан қынадай қырылып, тоз-тоз болған бейбіт сүйгіш алаштың мұң-зары тарихнамасына қанмен жазылды.

Ұлы даланы еркін жайлаған қазақтың қолдан жасалған зобалаңға ұшырауы үлкен трагедия еді.Сай-салада сүйектері шашылып, дені шегара асып, босып кеткен халықтың жартысына жуығы ажал құшты.

Өткен ғасырдың еншісінде кеткен ауыр  оқиға спектакльде көрініс тауып,  театр тілімен көрерменге ұсынылады. «Тасжүрек» қойылымы ұрпақтар мойнындағы аталар аманатына соққан рухани ескерткіш болмақ. Ашаршылық ақиқатына сауатты баға берейік!

banner