Андерсеннің аттас ертегісінің сүйікті кейіпкерлері - мейірімді Герда мен оның өгей інісі Кай сахна төрінде жанданатын болады. Ертегіде зұлым адамдардың қайдан шығатыны айқын баяндалады. Кайды жүрегін «суық» еткен, зұлымдыққа баураған дүние балалардың өз жан-дүниесіне үңілуге септігін тигізеді. Қойылым барысында қуыршақ марионеткалар пайдаланылады. Қойылымның оқиға желісі балалардың назарын толығымен аударып, «бір демде» өтетіні сөзсіз.