ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Сирано де Бержерак. Премьера!

Сирано де Бержерак. Премьера!

Сипаттама

М.Горький атындағы орыс драма театрының сахна төрінде РФ еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Сергей Федотов қойған Эдмон Ростанның «Сирано де Бержерак» романтикалық драмасының классикалық қойылымы орындалмақ.

Сирано де Бержерак керемет ақын әрі батыл сарбаз. Үлкен мұрнын бөгделер келемеждейтіндіктен ол үнемі көше төбелестері мен дуэльдерін бастаушы болып шығады. Өзінің ұсқынсыздығынан қысылып, Сирано өзінің бала кезінен келе жатқан досы Роксанаға шынайы сезімдерін ашуға батылы жетпейді екен. Ал Роксана болса Кристиан есімді келбетті, мейірімді, алайда біраз ақымақтау, өз сезімдерін сөзбен жеткізе алмайтын жас жігітке ғашық болып қалады. Қыздың бақытын тілеп, Сирано бір айланы ойлап табады: Түр-әлпеті сымбатты келген Кристан Роксананың жүрегін Сираноның керемет сөздерімен жаулап алуы керек.

Режиссер 17 ғасырдағы Францияның бейнесін үйлесімді сақтауға тырысты: түстік және жарықтық рәсімдеу фрамандық суртешілер туралы ой салады, костюмдер мен безендірулер «Шекпен мен қылыштар» туындыларының атмосферасына теңеседі. Еркектер батыл да қатал, ар-ұждан мен ақиқатқа берік тұрып, Отан үшін жанын пида ететді. Әйелдер нәзік әрі сыпайы, алайда рухтың күшімен еркектерден еш қалыспас, сондай-ақ өздерінің сұлулықтарын іске жаратып, өз дегендеріне шапшаң түрде жетеді. Алайда жарқын киімдер мен әсерлі шайқастар қойылымның басты идеясы туралы еш ұмыттырмай, жан дүниесі бай, ақыл-ойы терең, түр-әлпеті ақаулыққа душар болған адам трагедиясын шебер айқындайды. Сүйіктіңнің жүрегін аулауда келбеттің маңызы соншалықты жоғары ма? Әлде шынайы сезімдер кез келген сырт келбеттен асып түсіп, жан дүниенің нағыз сұлулығын ашады ма?

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    М.Горький атындағы театр сахнасы, Желтоқсан к-сі, 13

  • Авторы

    Э. Ростан

  • Қоюшы-режиссер

     Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері Сергей Федотов

  • Қоюшы-суретші

     К. Мақсұтов

  • Ұзақтығы

    бір үзіліспен 2 сағат 40 минут

  • Жас шектеуі

    12+

  • Жанр

    романтическая драма

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ

    Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз