Өтетін орны: Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония залы, Нұр-сұлтан, Кенесары көшесі, 32
Күні: 23 қазан 2022 жыл
Басталуы: 15:00, 19:00
Әртістер:
Жас шектеуі: 7+
Қосымша:
Көрермендерін әсем әндерімен таң қалдырып жүрген «Сағындырған әндер-ай» ретро фестиваліне 15 жыл!
2008 жылы Алматы қаласы Республика сарайында «Сағындырған әндер-ай» ретро фестивалі тұңғыш рет бастау алып, көрермендердің көзайымына айналды.
Әуезді әнді орындауы ерекше мәнерімен есте қалатын талантты әншілерін тыңдарман сағынып, іздеп тұратыны заңдылық!
«Сағындырған әндер-ай» ән кешіне ағылып келетін көрермендердің алғысына бөленіп, 15 жыл көрермен көңілінен шығуының өзі «Сағындырған әндер-ай» кешінің жоғары профессионалдық дәрежеде сұраныста болуында.
Саф өнердің шын жанашыры, «Сағындырған әндер-ай» кеш жобасының авторы және ұйымдастырушысы өнердегі өзіндік соқпағын қалыптастырған жезтаңдай әнші Майра Ильясова! 9966
Сіздерді ән әлемінің ең таңдаулы жауһарлары Нұрғали Нүсіпжанов, Нұрлан Өнербаев, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Нұржамал Үсенбаева, Майра Ильясова, Бағдат Сәмединова, Майра Мұхамедқызы, Қанат-Света Айтбаевтар, Қыдырәлі-Қарақат, «Музарт» тобы, Тоқтар-Бейбіт, Жұбаныш Жексен, Досымжан Таңатаров, Жеңіс Искакова, Нұрлан Әлімжан, Айгул Қосанова, Айгул Иманбаева, Алтынай Жорабаева, Гулнур Оразымбетова, Тамара Асар, Маржан Арапбаева, Мадина Садуақасова, Мирас-Құралай, Клара-Медет, Ардақ Балажанова, Ақбота Керімбекова, Арайлым Рахымқызы, Қайрат Нұртас, Серікбол Сайлаубек, Төреғали Төреәлі, Айгерім Қалаубаева, «Жігіттер» тобы, Бейбіт Кушкалиев, Индира Елемес, Нұрболат Абдуллин, Алишер Каримов, Жігер Ауыпбаев, Зарина Омарова, Рухия Байдукен, Серік Ибрагимов және т.б. әншілер осы кешке шақырады!
Ақпарат демеушісі «Qazaqstan» телеарнасы.
Ұмытылмас кештің куәгері болыңыздар!