newWidget
«РОЗА БАҒЛАНОВА» мюзиклы - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«РОЗА БАҒЛАНОВА» мюзиклы

Құрметті өнерсүйер қауым! «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры Оңтүстік Кореядағы «Daegu International Musical Festival» (DIMF) халықаралық мюзикл фестивалінде «ҮЗДІК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЮЗИКЛ» және «ҮЗДІК ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ» атағын жеңіп алып, бас жүлдеге ие болған «РОЗА БАҒЛАНОВА» атты жүлделі мюзиклына шақырады.

КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы, күміс көмей әнші, ардақты Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай қойылған мюзикл әншінің балалық және жастық шағы, сондай-ақ, соғыс жылдарындағы қиын тағдыры, шығармашылық жолының қалыптасуына негіз болған өміріндегі шешуші сәттері жайлы баяндайды.

Театр өнерінің заманауи технологиялары, шығармашылық режиссерлік, музыкалық және ерекше хореографиялық шешімдер, 20 ғасырдағы танымал әндер және соғыс жылдарындағы ерекше атмосфера ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Мюзиклдың композиторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Артур Оренбургский, саунд дизайнер – Ақжол Өмірзақов. Қоюшы-режиссеры – «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин, қойылымның авторлары – Ефрат Шарипов, Шыңғыс Маман, Айдын Сахаман және Әннәс Бағдат.