ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Күзгі кездесу

Күзгі кездесу

Сипаттама

Камералық музыка кеші

«Күзгі кездесу: виолончель әуені»

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Халықаралық байқаулардың лауреаттары Мұса Керімбаев (виолончель) пен Анара Камельинова (фортепиано) «Күзгі кездесу: виолончель әуені» концертінде музыкалық классика жауһарларын тыңдауға шақырады. Аспаптық дуэттің орындауында Ф.Шуберт пен С.Рахманиновтың камералық туындылары, сондай-ақ қазақстандық авторлардың шығармалары шырқалады.

Мұса КЕРІМБАЕВ (виолончель)

А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған орта музыка мектеп-интернатының және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі.

Көптеген халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпазы. «Мәдениет үздігі» құрметті атағымен марапатталған.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі, Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр, А.Беляковтың жетекшілігімен Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі және Almaty Symphony Orchestra камералық оркестрі сынды танымал қазақстандық ұжымдармен ынтымақтаса жұмыс істейді.

Жеке концерттік қызметін оқытушылық жұмыспен белсенді сабақтастырады. Соло виолончельге арналған қазақ күйлері өңдеулерінен құралған «Күй әлемі» жинағының авторы.

Анара КАМЕЛЬИНОВА (фортепиано).

Қазақ ұлттық өнер университеті мен ассистентура-тағылымдамасын бітірген.

Қазақстандағы камералық жанрдың белсенді дәріптеушісі. Ансамбльде белгілі отандық музыканттармен: виолончельшілер Ермек Құрманаев, Эльдар Сапараев, скрипкашылар Бағдат Әбілханов, Владимир Де, Әнел Шәкірова, сондай-ақ Эдуард Шмидер (АҚШ), Эрнис Асаналиевпен (Қырғызстан) өнер көрсетеді.

Ол Карнеги Холл (АҚШ), Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы, «Астана Опера» театрының сахналарында, сондай-ақ Корея мен Қырғызстанда өнерін паш етті.

«Мәдениет саласының үздігі» құрмет белгісінің, сондай-ақ көптеген музыкалық марапаттардың, соның ішінде Е.Құрманаевпен бірге «Үздік музыкалық ансамбль» номинациясы бойынша өнер саласындағы UMAI-2022 ұлттық сыйлығының иегері.

Белсенді концерттік қызметін Қазақ ұлттық өнер университетінде фортепиано және орган кафедрасының доценті лауазымындағы педагогикалық жұмысымен үйлестіруде.

БАҒДАРЛАМА

1. Ф. Шуберт. Виолончель мен фортепианоға арналған «Арпеджионе» сонатасы

2. С.Рахманинов. Виолончель мен фортепианоға арналған соната, соль минор

3. А.Жұбанов. Ария

4. Ә.Желдібаев. «Ерке сылқым» (М.Керімбаевтың өңдеуі). Премьералық орындау.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Мұса КЕРІМБАЕВ (виолончель)

Анара КАМЕЛЬИНОВА (фортепиано)

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал)

  • Күні

    20 қыркүйек, 2024

  • Уақыты

    19:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 15 минут

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 20
    Қыркүйек
    Жұм
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 4000 ₸
    бастап 4000 ₸