newWidget
«Астана Операдағы» музыкалық демалыс - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Астана Операдағы» музыкалық демалыс

«Астана Операдағы» музыкалық демалыс

(Екінші концерт)

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Камералық зал сахнасында республикамыздың жетекші шығармашылық білім ордалары мен шетелдің беделді оқу орындарында білім алып жатқан дарынды қазақстандық студенттердің өнер көрсетуі керемет дәстүрге айналды.

«Астана Операдағы» музыкалық демалыс» концертінде П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының музыкалық училищесі, В.Янковский атындағы Новосібір арнайы музыкалық мектебі, Carnegie Mellon University (АҚШ) сынды белді оқу орындарындағы студенттердің орындауында отандық авторлар мен классик композиторлардың туындылары шырқалады.

Барлық жас әртістер – жарқын музыканттар, беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары. Туған жерде өнер көрсету жауапкершілікті екі есеге арттырады – бұл отандық көрермен мен музыка әлеміне жол ашқан ұстаздар алдындағы емтихан, жұмыс қорытындысы, есеп беру сәті болмақ.

ОРЫНДАУШЫЛАР

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Диана Мақажан (скрипка)

Афина Мавиди (флейта)

Абылай Жұмаке (фагот)

Айдар Фазылов (соқпалы аспаптар)

Радия Оразалинова (фортепиано)

Батырхан Сүлеймен (фортепиано)

Фортепиано партиясы – Меруерт Жекенова, Ләззат Кенжина

БАҒДАРЛАМА

С.Прокофьев. Фортепианоға арналған №3 соната, ля минор, ор.28

Ф.Лист. Паганини бойынша көлемді этюдтар (№3 «Кампанелла», S.141)

И.К.Фогель. Фаготқа арналған концерт, до мажор, 1-бөлім

Л.Ганн. Анданте және скерцо

И.Брамс. №2 интермеццо, ор. 118.

Н.Капустин. Концерттік этюдтар, ор. 40 (№6 «Пастораль»)

М.Вайнберг. Скрипка мен фортепианоға арналған молдаван әуендеріне рапсодия, op. 47/1

А.Пьяццолла. «Танго тарихы» сюитасы (№3 «Түнгі клуб 1960»)

К.Дебюсси. Арабеск

Э.Сежурн. «Лоза»

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.