newWidget
«Майра Мұхамедқызы. Сахнада 30 жыл» - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Майра Мұхамедқызы. Сахнада 30 жыл»

Концерт

«Майра Мұхамедқызы. Сахнада 30 жыл»

Ұзақтығы – 1 сағат 50 минут (бір үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

«Астана Опера» театры сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ шығармашылығының 30 жылдығына орай жеке концертін ұсынады.

Майра Мұхамедқызы – ұлттық опера өнерінің мақтанышы, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, солардың қатарында ең беделдісі – П.Чайковский атындағы Мәскеу халықаралық байқауы.

Оның есімі – әлемнің үздік театрларының афишаларынан түскен емес, жеке концерттері Бейжің, Гонконг, Лондон, Ыстамбұл, Дели, Сеул, Мәскеу, Санкт-Петербор, Будапештте және тағы басқа қалалар мен елдерде өтті.

Майра Пласидо Доминго және Роберто Аланья сынды әлемдік опера сахнасының майталмандарымен бірге жұмыс істеген.

Әртістің репертуарында ұлттық және шетелдік опера классикасының басты партиялары бар: Ажар («Абай», А.Жұбанов және Л.Хамиди), Жібек («Қыз Жібек», Е.Брусиловский), Виолетта («Травиата», Дж.Верди), Джильда («Риголетто») және Елизавета Валуа («Дон Карлос», Дж.Верди), Мюзетта («Богема», Дж.Пуччини), Лю («Турандот», Дж.Пуччини) және т.б.

2021 жылы Майра Мұхамедқызы Шымкент опера және балет театрына басшылыққа келді.

Концерт бағдарламасында: опералардан ариялар, ұлттық, орыс, батыс еуропалық композиторлардың романстары, қазақтың халық әндері және қытай әндері.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Солист – Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ХОРЫ ЖӘНЕ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Пианист және дирижер – Теміржан ЕРЖАНОВ

Бас хормейстер – Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дирижер – Абзал МҰХИТДИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.