newWidget
Máńgilik El Daýysy - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Máńgilik El Daýysy

Өтетін орны: Астана қ., Нұр-сұлтан Қ., Тәуелсіздік даңғылы 57, Бейбітшілік және келісім сарайы

Күні: 25 қазан 2022 жыл

Басталуы: 19: 00

Ұзақтығы: 2 сағат

Жас шектеуі: 6+

Қосымша:

 

 

 

 

Республика Күніне орай, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Máńgilik El Daýysy ұлттық музыкалық шоуы ұйымдастырылады.

25 қазан күні, еліміздің ең басты мерекесіне арнап, Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан эстрадасының жұлдыздары өздерінің хит-әндерін жанды дауыста орындайды.

Қазақстанның үздік әртістері бір сахнада өнер көрсетеді. Олар:

Amre, 2RAR, Нұржан Керменбаев, Yenlik, Ayree, DJ Puza, Saz&Soul тобы мен Қайрат Нұртас.

Сондай-ақ, шоуға Сағын Өмірбайұлы, Айгерім Тілеубек пен Әлинұр Хамзин секілді жас өнерпаздар да қатысады.

Шара кезінде көрермендер әркімге таныс және бүкіл ел сүйіп тыңдайтын әндерді қазақстандық эстрада жұлдыздарымен бірге шырқап, шоу қатысушыларына айналады және туған жер мәдениетін бойына сіңіре түседі.

Қазақстанның үздік орындаушылары айтатын әндердің мәтіні арнайы LED-экрандарға шығарылады. Мейірімділік, позитив, өз отбасың мен Отанға деген махаббат атмосферасын авторлық би қойылымдары аша түспек.

Шоу жүргізушілері: Салтанат Серкебаева мен Жансерік Бейсеев.

Көрермен мен жұлдыздарды жақындастыра түсетін естен кетпес, жанды дауыста өтетін ерекше шоу Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Alash Media Group холдингі ақпараттық қолдау көрсетеді.

banner