Өтетін орны: Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы №4, Түркістан музыкалық драма театры ғимараты.
Спектакль авторы: Қолғанат Мұрат
Премьера күні: 1,3,16,17,23 шілде 2022 ж.
Қоюшы Режиссер: Аман Ғұмаров «Сахнагер˗2018» ұлттық театр сыйлығының лауреаты
Жанр: лирикалық комедия
Ұзақтығы: 1 сағат 15 мин.
Жас шектеуі: 18+
Қосымша:
Отбасының сәні – сыйластық.
Шағын мемлекеттің қабырғасына сызат түсіп, желідегі желөкпе ақпараттардың арбауынан адал махаббат қасиетінен айрылса, оған жауапты кім?
Бес жыл күткен ұрпақтың қуанышын ұрлағандар шынымен отағасының жасырын махаббаты ма?
Бабаларымыздан қалған отбасы құндылығының қадір қасиетін ұғына алып жүрміз бе?
Қадірменді көрермен!
Сіздерді, Отағасының шынайы махаббаты мен сыйластық сезімін күткен әйелдің жан сырын баяндайтын Қолғанат Мұраттың «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясына шақырамыз.