Валерия Болиеваның «Мәдениет саласының үздігі» жеке концерті
Сипаттама
16 мамырда Ақмола облыстық филармониясының солисі, «Мәдениет саласының үздігі» құрмет белгісінің иегері Валерия Болиеваның көптен күткен жеке концерті өтеді!
Концертке әншінің арнайы шақырған достары - Қазақстанның күміс көмей әншілері де қатысып, «Астана Опера» МОБТ дирижері Руслан Баймурзиннің жетекшілік етуімен симфониялық оркестрдің сүйемелдеуінде өнерлерін ортаға салады. Валерия Болиева мен оның достары сіздердің назарларыңызға әлемдік және заманауи классикалық шығармалардан тұратын тың концерттік бағдарламасын ұсынып, сіздерге көтеріңкі көңіл-күй, көктемнің лебіндей ғажайып сезім мен естен кетпес мереке сыйлайды!
16 мамыр күні сағат 19:00-де Ақмола облыстық филармониясының залында өтетін әдемі кештің куәсі болыңыздар! Біз сіздерді күтеміз!
Өтетін орны
Көкшетау қ., көш. Абай, 160, Ұ.Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы
Премьера күні
30.11.23
Суретшілер
Валерия Болиева Симфониялық оркестр дирижері Руслан Баймурзин
Ұзақтығы
1 сағат 30 минут
Жас шегі
7+
Жанр
концерт
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 16МамырБейсАкмолинская областная филармония им. У. ЫбыраяНовый Залбастап 2000бастап 2000