Өтетін орны: Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰОБТ
Күні: 22 Сәуір 2023
Уақыты: 18:00
Жанр: опера
Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут
Жас шегі: 7+
Тұрақ: жоқ
Қосымша: Опера итальян тілінде, қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды субтитрлердің сүйемелдеуімен орындалады
Спектакльде бір үзіліс бар
Гаэтано Доницетти
«МАХАББАТ СУСЫНЫ»
2 актілі опера
Либреттосын жазған Ф. Романи
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі және хоры
Дирижер – Рустем Кабылбай
Қойылымдық топ:
Қоюшы-режиссер – Ләйлім Иманғазина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-суретші – Владимир Кужель, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Костюм бойынша суретші – Людмила Кужель
Бас хормейстер – Әлия Темірбекова
Шаруа жігіт Неморино өзі сұлу,өзі ақылды,оқыған қыз Адинаға өлердей ғашық.
Адина болса әдемі де ұяң жігітке кет әрі болмаса да,өзіне көңілі бар жігітердің барлығына жасағаны сияқты оны да әжуалап, мазақ қылады.
Адинаның көңілін өзіне қалай аудару туралы ой Неморинаға маза бермейді. Шаруалардың сұрауы бойынша Адина оқитын Тристан мен Изольданың тарихынан ғажайып сусын жайлы естиді. Тристан ішіп үлгірмей-ақ, Изольда бірден оған ғашық болды дегенді естіген қыздардың барлығы сол сусынды тапқысы келеді.Неморино болса қайтсе де қасиетті сусынды табуды мақсат етеді.
Деревняға сержант Белькоре бастаған солдаттар енеді.сержанттың көзі сұлу Адинаға бірден түседі.оның Адинаға гүлшоғын ұсынуы Немориноның жүрегінде қызғаныш отын жағады,
Белькоре сөзді көп созбай Адинаға үйлену күнін белгілеуді ұсынады. Такаппар қызға оның өктемдігі ұнамайды, ұсынысын қабылдамайды.
Адина солдаттарды бастығымен фермасына қонаққа шақырады.ал Неморинаға қалаға,ауырып жатқан ағасына барсын, әйтпесе ,мұрасыз қалып жүрер –деп күледі.
Жуас, тәрбиелі Неморинаны қинағысы келмегенімен,өзін қайта жасай алмайды,бүгін жақсы көрсе, ертең айнып қалады.Ең дұрысы, Адинаны ұмтықаны жөн.
Бірақ бишара жігіт өлердей ғашық оған…
Тағдыр оған көмек қолын созады, деревняға емші Дулькамара келеді.Оның жазбайтын ауруы жоқ,ең бастысы оның қолында ап-арзан махаббат сусыны бар.
Изольдаға әсер еткендей шарбат керек деген Неморинаға жалған емші кәдімгі шараптың құмырасын беріп, тек бір күннен кейін ғана ішу керек деп ескертеді.
Аңқау жігіт тәуіпке қайтып алғысын білдірерін білмейді, оның күтуге шамасы жоқ.Құтыдағы шарапты бірден тауысқан Неморино кенет тым көңілді, тым батыл болып кетеді.Адинаға қарамайды да, ертеңгісін ғашықтықтан құтылатынын жариялайды.
Ызаланған Адина Белькораға күйеуге шығатынын,тек қана бес күндей күтуі керектігін айтады.
Сержант таң атысымен солдаттарымен деревнядан шығуы керектігі жайлы бұйрық алады.
Немориноға ызалы Адина Белькореға үйлену тойын бүгін жасауға келісімін береді.
Мастығы бірден тараған Неморино Адинаға ең құрмаса ертеңге дейін үйленбей қоя тұр деп жалынады. Белькоре жұрттың бәрін тойға шақырады.