newWidget
Үздік жаңажылдық шоу Алматыда - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Үздік жаңажылдық шоу Алматыда

Мұрат Мұтұрғановтың «Еліміздің үздік жаңажылдық шоуы» - ең сүйікті «Барлық балаларға арналған жаңажылдық мереке». 7 жыл қатарынан әр мезгіл сайын Алматы қаласында өткізілетін мерекелік іс-шара мыңдаған бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын қуантып келеді. Осы ғажайып сәтте болатын сиқырдың барлығы жасты да, үлкенді де бірдей таңғалдырады, себебі нағыз мереке мен ертегілік ғажапқа деген тамсану жасқа қарамайды емес пе! 

Мұрат Мұтұрғанов жас көрермендер мен олардың ата-аналарын Жаңа жылды бірге қарсы алуға, достарымен кездесуге, мерекелік көңіл күйді бірге таратуға, уақытты қызықты өткізуге және де ерекше ғажап жаңажылдық шыршаны бірге тамашалауға шақырады.

Осындай іс-шараға билеттер жаңажыл қарсаңында әрдайым үлкен сұранысқа ие, дәл қазір әрбір ата-ана өзінің бұлдіршіндеріне ұмытылмас сыйлық бере алады. 

Әр жыл сайын Мұрат Мұтұрғанов пен оның өнерлі командасы сахна төрінде жарқын да жайдары орын алатын өнегелі жаңа авторлық қойылымдарын паш етеді. Қойылымға қатысатын әртістер жаңажылдық мерекенің көрермендерді баурап, жағымды эмоцияларға толысатын керемет және көптен күткен мерейтойдың деңгейінде өтуіне бар күштерін салады.

«Еліміздің үздік жаңажылдық шоуы» бағдарламасы ең талғампаз көрермендердің де көңілдерінен шығатыны сөзсіз. Қойылымда цирктің әртістері, кәсіпқой әртістер - жонглерлер, акробаттар, гимнасттар, сиқыршылар, сайқымазақтар, эквилибристер: балет әртістері; бишілер; жарықты шоу және де, әрине, ең дарынды балалар. Интерактив, би және залдағы кішкентай көрермендермен ойындар барлықтарыңызды қойылымның бір мүшесі ретінде сезіндірмек. 

Қойылымның оқиға желісі бір зұлым сиқыршы Сантаны сиқырлап, кішкентай балаға айналдырып жіберетінін баяндайды. Балалар өз сыйлықтарын алып, жаңа жылда бақытты болғанын бұл сиқыршы қаламайды екен! Алайда басты кейіпкерлер оған тойтарыс беруге әбден дайын! Ал бұл шытырман хикаяның немен аяқталатынын білгілеріңіз келсе, Алматы қаласында Республика сарайында өтетін Мұрат Мұтұрғановтың «Еліміздің үздік жаңажылдық шоуына» келіңіздер, көріңіздер!

Продюсер: Мұрат Мұтұрғанов

Қоюшы-режиссер: К. Лекеров

Шоуға билеттерді сатып алып, балалар мен ересектердің көптен күткен мерекесін тойлауға келіңіздер.