newWidget
- Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

2022 / 2023              Үлкен зал                  Х маусым

10 маусым * сенбі * 18.00

 

Концерт

«ҚҰС ЖОЛЫ»

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор

ТӨЛЕГЕН МҰХАМЕДЖАНОВТЫҢ

шығармашылық кеші

 

Ұзақтығы: 1 сағат 50 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

Астананың 25 жылдығын мерекелеу аясында «Астана Опера» театры сахнасында қазақстандық танымал композитор – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің кавалері Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылығына арналған «Құс жолы» атты ғаламат концерт өтеді.

Төлеген Мұхамеджанов – классикалық әрі эстрадалық жанрда тең тер төгетін ең көрнекті замануи авторлардың бірі. Оның шығармашылық қорында – симфониялар, опералар, музыкалық комедиялар, ішекті аспап квартеттері, симфониялық пьесалар, вокалдық топтамалар, романстар, әндер, кино мен театрға арналған музыка – бәрі бар.

Концертте симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен композитордың аспаптық және вокалдық туындылары қазақстандық опера әншілері мен эстрада жұлдыздарының орындауында шырқалады.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Қазақстан Республикасының халық әртістері:

Әлібек ДІНІШЕВ

Роза РЫМБАЕВА

Айман МҰСАХАДЖАЕВА

Нұржамал ҮСЕНБАЕВА

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері:

Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ

Маржан АРАПБАЕВА

Жұбаныш ЖЕКСЕН

Нұрлан ӨНЕРБАЕВ

Бауыржан ИСАЕВ

Әлішер КӘРІМОВ

 

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Рухия БАЙДҮКЕНОВА

Ренат МАЛЦАГОВ

«Джентельмены» тобы және басқалары

 

«АСТАНА ОПЕРА» СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
ЖӘНЕ «АСТАНА» ЭСТРАДАЛЫҚ-СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал МҰХИТДИН

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.

banner