кРай (Қиыр). Диск дәріздес мына ғаламның қиыры. Жиегінен құлап, бірмүйізді тұлпарлар тосып тұратын тылсым қиыр, ол қиыр шеттің ар жағында ақырзаман тұр, сахнаның ақыры тұр.
Бұл қиыр, сондай-ақ, анық дүниелердің қиыры, сана қиыры, болжау қиыры. Қиырдың ар жағында ешкім аяқ сұқпас тұңғиық жатыр.
Қиыр шетке барлығын ысырып тастауға болады. Ойлап-толғануы жағымсыз болашақты да сол қиырға ысырып қойғанды жақсы көреміз, себебі бұл жауапкершілікті бізден басқа жандар қолға алар деген үміт бар. Қиыр шетке тағы нені ысырып қойса болады екен?..