newWidget
Көңіл толқыны - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Көңіл толқыны

Өтетін орны: Е. Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК.

Күні: 2022 жылғы 19 қазан

Басталуы: 19: 00

Әртістер: 

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жанр: Ән-күй кеші

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

Халық даналығы: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дейді. Көрнекті домбырашылардың өнері ұқыптылықпен сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Қазақ ұлттық аспабы домбыраның дамуына Қазақстанның көрнекті композиторы, домбырашы Секен Тұрысбек маңызды үлес қосты, оның шығармашылығында күйлердің философиялық тереңдігін жеткізуде ерекшелікпен тың дүниелер байқалады.

Қазақ жұртшылығы сазгердің шығармашылығын жоғары бағалайды: Секен Тұрысбек «Көңіл толқыны» атты алғашқы күйін 24 жасында шығарған. Одан әрі сазгердің «Ақ жауын», «Аруана», «Өкініш» сынды аңызға айналған күй топтамалары жарық көрді. Секен Тұрысбектің күйлері шет елдерде шырқалды, әсіресе Жапония мен Қытайда халықтың ерекше ықыласына бөленді. Күйшінің бірнеше шығармалары қазақ көркем фильмдерінен тыңдауға болады, ал хореографтар би қойылымдарында автордың күйлерін қолданған.

Кеш бағдарламасында Секен Тұрысбектің «Қоңыр қаз», «Мәлгеждар», «Ақжайлау», «Ерке құсым», «Жазғы қар», «Ұлы дала», «Асыл ана» күйлері және басқа да танымал шығармалары орындалады. Автор шығармаларды Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрімен бірге орындайды. Қазақ оркестрінің бас дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов. Қазақ оркестрінің дирижері – мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.