newWidget
Концерт «БРАМСҚА АРНАУ» - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Концерт «БРАМСҚА АРНАУ»

2022 / 2023           Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал                  Х маусым

26 наурыз * жексенбі * 18.00

 

 

Концерт

«БРАМСҚА АРНАУ»

(Композитордың 190 жылдығына орай)

 

Иоганнес Брамс – операны қоспағанда, барлық музыкалық жанрда жазған автор. Оның қаламына шамамен 80 туынды тиесілі: әндер, оркестрге арналған серенадалар, вариациялар, сонаталар, фортепианоға арналған пьесалар, кантата, рапсодия, реквиемдер, концерттер, увертюралар мен симфониялар.

Алайда Брамс үшін камералық музыка – оның шығармашылық әрі әлеуметтік өмірінің ажырамас бөлігі.

Ол жастайынан кәсіпқой және әуесқой камералық музыканттардың ортасында жүрді, тіпті 10 жасында әкесі ұйымдастырған жеке концертте Моцарт пен Бетховеннің камералық шығармаларын ойнады, өмірінің белгілі бір кезеңдерінде камералық музыка оның өте жеке, шынайы және негізгі «дауысы» болды. Брамстың аспаптық ансамбльдерге арналған көптеген жауһарында XIX ғасырдағы романтизм дәуірінің рухани әрі эмоционалдық өмірі өрнектелген.

Немістің ұлы композиторының шығармашылығына арналған концертте оның таңдаулы әндері мен романстары және камералық-аспаптық музыкасы шырқалады.  

 

 

БАҒДАРЛАМА:

И.Брамс. Виолончель мен фортепианоға арналған №1 соната, ми минор, ор.38

1. Allegro non troppo

2. Allegretto quasi menuetto

3. Allegro

 

И.Брамс. Кларнет, виолончель және фортепианоға арналған трио, ля минор, ор.114

1. Allegro

2. Adagio

3. Andante grazioso - Trio

4. Allegro

 

И.Брамстың романстары мен әндері

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Гүлдана АЛДАДОСОВА (сопрано)

Анара КАМЕЛЬИНОВА (фортепиано)

Ажар ҚАДЫРОВА (виолончель)

Станислав УМАРОВ (кларнет)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

banner